Авторитаризм

Тоталитаризм мен демократияның белгілері бар саяси режимнің бір түрі. Мұндайда мемлекеттік билік бір адамның немесе топтың қолында болады, ал халық елді басқаруға сирек араласады. Бірақ адам құқықтары сақталып, азаматтық қоғам болуы мүмкін.  




Билік саяси алаңды бақылауында ұстағысы келеді, оған бөгде адамдардың өткізбеуіне тырысып бағады. Ал қалған салалар — экономика, мәдениет, бизнес, әлеумет емін-еркін істей алады. 


Белгілері: 



  • Автократия, яғни елді бір адам немесе адамдар тобы басқарады, билейді; 

  • Заң мен құқықтар іс жүзінде емес, сөз жүзінде сақталады;

  • Билік тармаққа дұрыс бөлінбейді. Сот тәуелді, шындығында парламенттің билігі жоқ.

  • Билік шексіз болады, азаматтарға бағынбайды. Заң мен маңызды шешімдер қабылдағанда билік халық пікірін сирек ескереді не оған мүлдем құлақ аспайды; 

  • Сөз бостандығы, оппозиция, тәуелсіз медиа жоқ, азаматтардың саяси құқықтары шектелген. Партия, ұйымдар мен кәсіподақтар жұмыс істеуі мүмкін, бірақ олар билікке бағынады;

  • Ақиқат емес, күш маңызды. Билік әміршіл болады, қарсыластарын қудалайды.


 


24/08/2020 14:45 5579 0

24/08/2020
14:45 5579 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление